jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

6 градус жылы: бүгін елдің үш ірі қаласында ауа райы қандай болады

Құс
Көрнекі фото: Pexels

Синоптиктер бүгін, 9 ақпанда Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады. Мәліметке сүйенсек, Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашын жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Синоптиктердің болжауынша, Астанада бүгін қар жауады. Күндіз -13...-15 градусқа дейін суытады. Елордада желдің күші 3-8 м/с дейін жетуі ықтимал.

Алматыда бейсенбіде күн райы жаңбырлы болмақ. Күндіз ауа температурасы +4...+6 жылы болуы мүмкін. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы 2-ден 7 м/с дейін жетеді деп болжануда.

Шымкентте бүгін жаңбырдың артынан қар жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +2...+4 градус жылы болады. Сондай-ақ қалада жел 8-13 м/с дейін, кей жерлерде 17-22 м/с дейін күшеюі мүмкін.

6 градус жылы: бүгін елдің үш ірі қаласында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.