Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядан Қазақстанға арнайы бортпен 64 адам эвакуацияланды

Опубликовано:

Түркиядан Қазақстанға арнайы бортпен 64 адам эвакуацияланды.
Түркиядан эвакуацияланғандар. Фото: t.me/pressmfakz

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейс арқылы ИЛ-76 ұшағымен 64 адам - 42 Қазақстан азаматы және 22 Қырғызстан азаматы Астанаға қайтарылды. Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Телаграм каналына сілтеме жасап.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен 8 ақпанда Газиантеп қаласына барған болатын.

Еске сала кетсек, 8 ақпанда қазақстандық құтқарушыларды Түркиядағы апат аймағына жеткізген ұшақ бос қайтпай, 18 адамды алып келген болатын. Оның 16-сы – Қазақстан, екеуі Қырғызстан азаматы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008676-turkiyadan-qazaqstanga-arnaiy-bortpen-64-adam-evakuaciyalandy/

pixel