Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан түркиялық команданың бас бапкері қиранды астында қалып, ауруханада жан тапсырды

Опубликовано:

Түркия
Түркиядағы зілзала ошағынан фото: Burak Kara / Stringer via Getty images

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен көз жұмған адамдар саны күн санап артып келеді. Кеше футболдан Түркия чемпионатының үшінші лигасында ойнайтын "Искендерунспор" клубының бас бапкері қаза тапты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы команданың Twitter-дегі ресми парақшасы мәлімдеді.

Ибрагим Халил Олмез зілзала салдарынан қиранды астында қалған. Құтқарушылар Ибрагимді үйінді астынан шығарып, дереу ауруханаға апарған. Бірақ жаттықтырушының өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

"Біз бапкеріміз Ибрагим Халил Олмездің қазасына қатты қайғырудамыз. Оны қирандылар астынан шығарып, интенсивті терапия бөліміне жеткізген. Өкінішке қарай, Ибрагимді құтқару мүмкін болмады. Жақындары мен отбасына көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Бұған дейін 28 жастағы түркиялық қақпашы мен 25 жастағы ойыншының және ерлі-зайыпты волейболшылардың қаза тапқаны белгілі болды.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен мерт болғандар саны 12 мыңнан асып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008691-futboldan-turkiyalyq-komandanyn-bapkeri-qirandy-astynda-qalyp-auruxanada-zan-tapsyrdy/