Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізіледі

Опубликовано:

Алматы
Алматы қаласы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қаладағы ғимараттарды сейсмикалық күшейту туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкім 2021 жылы жаңа сейсмикалық шағынаудан картасы бекітілгенін, онда барлық жарықтар көрсетілгенін жеткізді. Сондай-ақ қала басшысы қазір Алматыда ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Осы жылдың екінші жартыжылдығында біз қалада жаңа сейсмикалық аудит жүргізуді бастаймыз. Өздеріңіз білетіндей, Алматыда 2020-2021 жылдары жаңа тектоникалық жарықтар пайда болды. Жаңа бас жоспарда барлық қажетті сейсмикалық талаптар, соның ішінде жаңа жарық жерлер ескерілген: Абай даңғылының жоғарғы жағы - 10 балдан жоғары, Абай даңғылынан төменгі жағы - 9 балл шамасында", - деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008697-almatyda-gimarattarga-seismikalyq-audit-zurgiziledi/