Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түркиядағы жер сілкінісі": қазақстандық құтқарушылар үйінділер арасынан зардап шеккен адамдарды қалай іздеуде (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық құтқарушылардың құтқару-іздестіру жұмыстары
Қазақстандық құтқарушылар құтқару-іздестіру жұмыстарын жүргізуде: https://t.me/qr_tjm

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі Түркияда жер сілкінісі болған аймақта қазақстандық құтқарушылардың қалай жұмыс істеп жатқанын көрсететін тағы бір видео жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ жариялаған видеодан құтқарушылар жер сілкінісі салдарынан қираған тұрғын үйдің қирандыларының арасынан зардап шеккен адамдарды іздестіріп жатқанын байқауға болады.

Министрліктің мәліметінше, құтқарушылар үйінді арасына тар саңылаулар мен ойықтар арқылы еңбектеп, өздеріне жол жасап кіруде және жағдайдың барлығын рация арқылы айтып отырады. Қажет болған жағдайда жедел түрде әріптестері көмекке келеді.

Ведомство сонымен қатар іздеу жұмыстары туыстары ұсынған фотосуреттер бойынша да жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Құтқарушылардың мұндай жұмысы өте қауіпті және олардан жоғары кәсібилікті, қырағылық пен жеделдікті талап етеді", - дейді ТЖМ өкілдері.

Еске сала кетейік, жойқын жер сілкінісі болған Түркияға қазақстандық құтқарушылардың алғашқы эшелоны 7 ақпанда барған еді.

8 ақпанда апат болған аймаққа қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы барды.

Олар зілзаладан кейін із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруге, төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға көмек көрсетуде.

Бүгінге дейін қазақстандық құтқарушылар 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырған. Қайтыс болған 53 адамның оның ішінде 4 баланың денесін үйінді астынан шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009197-turkiyadagy-zer-silkinisi-qazaqstandyq-qutqarusylar-uiindiler-arasynan-zardap-sekken-adamdardy-qalai-izdeude-video/

pixel