Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы зілзала: ТЖМ қазақстандық құтқарушылар қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Түркияда жұмыс істеп жатқан қазақстандық құтқарушылар
Түркияда жұмыс істеп жатқан қазақстандық құтқарушылар. Фото: ТЖМ ресми сайты

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында қазақстандық құтқарушылар жер сілкінісі болған Түркияда қалай жұмыс істеп жатқаны туралы ақпарат берді. Ведомствоның мәліметінше, қиранды астынан жеті адам құтқарылған.

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі таңда Қазақстан ТЖМ құтқарушылары екі елдімекенде іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Осы уақытқа дейін қазақстандық құтқарушылар 7 адамды үйінді астынан аман-есен алып шығып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 85 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі үйінді астынан шығарылды.

"Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен адамдарға тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетуде. Күніне орта есеппен 35-тен астам зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінеді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жойқын жер сілкінісі болған Түркияға қазақстандық құтқарушылардың алғашқы эшелоны 7 ақпанда барған еді.

8 ақпанда апат болған аймаққа қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы барды.

Олар зілзаладан кейін із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруге, төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға көмек көрсетуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009357-turkiyadagy-zilzala-tzm-qazaqstandyq-qutqarusylar-qalai-zumys-istep-zatqanyn-korsetti-video/

pixel