Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі жоғары оқу орындарына Түркиядағы студенттерді қабылдау ережесі өзгерді

Опубликовано:

Студент
Ноутбукты қолданып отырған студент. Көрнекі сурет: pixabay.com

Министрлер кабинетінің кулуарында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер қандай көмек ала алатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрлігінің Қазақстан Сыртқы істер министрлігімен тығыз ынтымақтастықта екенін атап өтті.

"Біз шетелде білім алып жатқан азаматтарымызды, кандастарымызды, қиын жағдайда қалған қазақстандық студенттерді, әсіресе Түркияда оқып жатқан студенттерді қабылдауға дайынбыз", - деді министр.

Министрдің айтуынша, ведомство осыған байланысты қабылдау ережесін өзгерткен.

"Бұған дейін студенттер тек сессиялар арасында немесе жазғы демалыс кезінде ғана ауыстырылатын болса, енді біздің университеттер қиын жағдайда қалған студенттерді қабылдауға дайын", - деп түсіндірді министр.

Бұған дейін министрлік еліміздің жоғары оқу орындары Түркиядағы студенттер мен қандастарды оқуға қабылдауға дайын екендігін хабарлаған еді.

Бүгінде Түркияда 8 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жатқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009334-elimizdegi-zogary-oqu-oryndaryna-turkiyadagy-studentterdi-qabyldau-erezesi-ozgerdi/

pixel