Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты департамент басшысы ұсталды

Опубликовано:

ТЖМ қызметкері
ТЖМ қызметкері. Көрнекі фото: ortcom.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Төтенше жағдайлар министрлігінің Атырау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысын ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент басшысы 10 ақпанда ұсталған.

Басылымға бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аймақ бойынша департамент бастығының міндетін атқарушы Ерұлан Серікқалиев брифингте мәлім еткен. Шенеунік пара алды деген күдікке ілінген.

Басылым мәліметінше, қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 366-бабы ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серікқалиев параның көлемін атамаған. Оның БАҚ-қа берген мәліметінше, ұсталған тұлғаға кінәсін мойындауына байланысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет толық ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.

Айта кетейік, бұған дейін Антикор Алматы облысында фармацевтикалық бақылау саласындағы екі лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009599-atyrauda-totense-zagdailar-ministrligine-qarasty-departament-bassysy-ustaldy/