jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Кенже баласы алпыста": Төсегін әлі күнге өзі жинайтын жүзден асқан әжей жайлы не білеміз

Қапыш Мырзахметқызы, 103 жастағы әжей
Қапыш Мырзахметқызы. Скриншот: "Таңшолпан" бағдарламасы

Қызылжарлық Қапыш Қасубаева 1920 жылдың 6 ақпанында дүниеге келген. Бүгінде 103 жастан асқан әжей 14 шөпшек сүйіп отыр, деп хабарлайды "Таңшолпан" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кейуана бала кезінен еңбекке араласып, небір қиыншылықты бастан өткізген.

"Жас кезімізден соқа айдадық. Шаруаның сиырын, колхоздың өгізін бақтық. Өміріміз сонымен өтті. 13-14 жасқа жетпей, соғыс көрдік", - дейді әжей.

Қапыш Мырзахметқызы ашаршылық пен сұрапыл соғысты да көзбен көрді. Әкесі Мырзахмет кеңес-фин соғысында қаза тапқан. Екі ғасырдың куәгері атанған әжей әлі тың, ешкімнің көмегіне мұқтаж емес. Балаларының алды 75-ке аяқ басса, кенжесі алпыстан асқан.

"Екінші ғасырға кетіп бара жатыр. Қазір көп нәрсе есінде жоқ. 1944 жылы тұрмысқа шыққанын айтады. Жер бетінде егін егіп, соқа айдап, өгізбен жұмыс істедік дейді. Ол кезде техника жоқ, бәрі қол еңбегі", - дейді әжейдің қызы Орынтай Ғалымова.

Кейуана немере-шөбересін айналып, толғанып, ақылын аямайды.

"Бір таң қалатыным, бұл кісі азанда төсегінен тұрып, өз төсегін өзі жинап, ешкімге салмақ салмайды. Аяғындағы былғары мәсісін өзі киіп, өзі шешеді. Өз-өзіне қызмет жасайды", - дейді күйеу баласы Ербол Жікішев.

Қазіргі таңда Қапыш әжей төрт баладан 13 немере, 15 шөбере және 14 шөпшек сүйіп отыр.

"Кенже баласы алпыста": Төсегін әлі күнге өзі жинайтын жүзден асқан әжей жайлы не білеміз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.