Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жауап бермеймін": Серік Жұманғарин жеке өміріне қатысты сұрақ қоймауды сұрады

Опубликовано:

Серік Жұманғарин
Серік Жұманғарин. Фото: primeminister.kz

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин сенат кулуарында журналистердің қандай сұрақтарына жауап бергісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері Сауда министрлігінің басшысынан Қазақстанда тігілген киімнен не киетінін сұрады.

"Бір нәрсе дұрыс емес пе?" деп Серік Жұманғарин сұраққа сұрақпен жауап берді.

Оған журналист министрдің қаншалықты патриот екенін және оның қазақстандық тауар өндірушілерді қаншалықты қолдайтынын білгісі келетінін айтты.

"Менде мынадай қағида бар, сіздер де біле жүріңіздер , мен жеке сұрақтарға жауап бермеймін. Мен мұнда жұмыс істеу үшін келдім, менің қызметтік міндеттерім бар. Оларға қатысты кез келген сұрақтарыңызды қоюларыңызды өтінемін. Маған, менің отбасым және жеке өмірімді өзіме қалдырсаңыздар екен", – деді ол.

Еске салайық, Серік Жұманғарин 2022 жылдың қыркүйек айының басында Қазақстанның Сауда және интеграция министрі, сонымен бірге еліміздің вице-премьер-министрі қызметіне кіріскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009691-zauap-bermeimin-serik-zumangarin-zeke-omirine-qatysty-suraq-qoimaudy-surady/

pixel