Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Түркия компаниялары салған ғимараттар тексеріле ме

Опубликовано:

Құрылыс1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр сенат кулуарында Қазақстанда жобаларды жүзеге асырып жатқан түрік құрылысшыларын билік тексере ме деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түркияда мыңдаған адамның өмірін жалмаған жойқын жер сілкінісінен кейін сәулетшілер мен құрылыс компанияларының басшыларын ұсталып жатыр.

Кейінірек, Румыния түрік компаниялары салған барлық ғимаратқа тексеріс жүргізілетінін хабарлады.

Осыған байланысты қазақстандық журналистер инфрақұрылымдық мәселелерге жетекшілік ететін вице-премьер-министр Роман Склярдан "Қазақстанда да осындай тексеріс жүргізіле ме?" деп сұрады.

"Менің білуімше, қазір мұндай тексеріс жүргізіліп жатқан жоқ және әзірге жоспарда жоқ", - деді Скляр.

Айта кетейік, осы апта басынды Түркияда жер сілкінісінен қираған үйлердің 8 мердігері ұсталған болатын.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияның Газиантеп қаласының маңында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болып, көршілес қала тұрғындары да зардап шекті.

Жерасты дүмпулері Түркияның 10 провинциясында, сондай-ақ Сирия аумағында сезілді.

Дәл сол күні магнитудасы 7,7 болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Одан кейінгі күндері Түркияда тағы бірнеше жер асты дүмпуі тіркелді.

БАҚ-та пайда болған соңғы мәлімет бойынша, Түркияда 38 мыңнан астам, Сирияда 6 мыңға жуық адам жер сілкінісінің құрбаны болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009905-qazaqstanda-turik-qurylyssylary-salgan-gimarattar-tekserile-me/

pixel