jitsu gif

Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 44 мыңнан асты

Түркиядағы жер сілкінісінің салдары
Түркиядағы жер сілкінісінің салдары. Фото: Burak Kara/Getty Images

Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны артты. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қайтыс болғандар саны 38 044 адамға жеткен.

Бұл туралы РИА Новости басылымы Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Сонымен қатар жер асты дүмпулерінен зардап шеккен көршілес Сирияда да қайтыс болғанар саны 5800-ден асып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Антакьядағы қиранды астында 10 тәулік бойы жатқан 12 жасар бала аман-есен құтқарылғаны туралы хабарлаған едік.

Одан бөлек, Антакияның Одабаши ауданында қиранды астында 261 сағат жатқан екі ер адам құтқарылған болатын.

Құтқарушылардың айтуынша, 26 және 34 жастағы ер адамдар бетондардың арасында қыстырылып қалған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.