Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте полицейлер қару дүкеніне шабуыл жасап, атыс шығарған ер адамды ұстады (видео)

Опубликовано:

Шымкентте белгісіз ер адам қарудан оқ атты
Видеодан кадр: Telegram/elinfo_kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Шымкенттегі көшелердің бірінде атыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның ақпаратынша, бүгін шамамен сағат 14:40-та Ілияев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылған.

Оқиға орнына дереу күзет агенттігінің қызметкерлері жеткен. Күзетшілер мен белгісіз қарулы адам арасында атыс болған. Нәтижесінде күзетшінің бірі жараланған.

Қарулы адамды патрульдік полицейлер мен Тұран АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілдері ұстаған.

Белгілі болғандай, ер адам Өзбекстан азаматы, Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрады. Одан шолақ мылтық және ұрланған "Сайга" карабині тәркіленген.

"Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", - делінген хабарламада.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер мен зорлық-зомбылық көріністері бар! Бейнежазбаны психикасы әлсіз, аяғы ауыр немесе 18 жасқа толмаған адамдарға көруге кеңес берілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010125-symkentte-policeiler-qaru-dukenine-sabuyl-zasagan-er-adamdy-ustady/