jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан мегаполистерінің бірінде бүгін 17 градусқа дейін жылы болмақ

бүршік атқан тал
Бүршік атқан тал. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сәрсенбі, 22 ақпанда ел аумағында және Қазақстанның ірі қалалары - Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Метеорологтардың мәліметінше, атлантикалық циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Яғни, кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауса, республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, елдің солтүстігінде бұрқасын күтіледі.

Ал Алматы қаласында бүгін күндіз +9...+11 градусқа дейін, түнде 0...+2 градусқа жылы болмақ. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Сонымен қатар 22-24 ақпан аралығында Алматының таулы аудандарында қардың күрт еруі, еріген қар суының көбеюі және мұз бөлшектерінің еруі, өзен суы деңгейінің көтерілуі күтілуде. Бұдан бөлек синоптиктер су тасу қаупі бар екенін болжап отыр.

Шымкентте жаңбыр жаууы мүмкін, десе де, күндіз күндіз +15...+17 градус, түнде 4-6 градус жылы болмақ. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.

Мамандар сәрсенбіде Астанада күндіз қар аралас жаңбыр жауып, 1-3 градус жылы болады болжап отыр. Түнде термометр көрсеткіштері -4...-6 градусқа дейін төмендемек.

Қазақстан мегаполистерінің бірінде бүгін 17 градусқа дейін жылы болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.