Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда күн күрт суытатынын айтты

Жарияланған күні:

Қыс
Қыс. Көрнекі фото: Рexels.com

Қазақстанда алдағы күндері, яғни 23-25 ​​ақпанда күн күрт суытып, жауын-шашын болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мамандар алдағы күндері ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон солтүстік-шығысқа қарай жылжып, өзімен бірге жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын әкелетінін айтты.

Осыған байланысты Қазақстан аумағына батыстан суық антициклон жылжиды. Соның әсерінен 25 ақпанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталғанымен, ол температураның төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 25 ақпанда түнде жауын-шашын, күндіз жаңбыр, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Сонымен қатар синоптиктер республика бойынша тұман, екпінді жел, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжайды.

Ал 24 ақпанда күндіз республиканың оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Еліміз бойынша бұл күндері ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:

  • батыста ауа температурасы түнде 0...-15 градус аяздан -5...-23 градус аязға дейін;
  • солтүстік-батыста -7...-15 градус аяздан -17...-28 аязға дейін;
  • солтүстікте және орталықта -13 градус аяздан -13...-25 градус аязға дейін төмендейді;
  • шығыста күн райы 0....-13 градус аяздан -6 градус аяз және +2 градус жылыға дейін ауытқиды;
  • еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 0 градус, ал күндіз +8 градус жылы болады;
  • таулы аудандарда -2-13 градус аяздан -5-13 градусқа дейін аяз, күндіз 7...-21 градустан -6 градус аяздан +7 градусқа дейін жылы болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010416-sinoptikter-aldagy-us-kunde-qazaqstanda-kun-kurt-suytatynyn-aitty/