Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрылысшылар күніне 90 мың теңге алатыны рас па: министрлік жауап берді

Опубликовано:

Құрылыс
Құрылыс. Көрнекі фото: Рexels.com

ОКҚ өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев бұған дейін облыста құрылыста жұмыс істеп, күніне 90 мың теңге табуға болатынын айтқан Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің сөзіне түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң "құрылысшылар жоғары жалақы алады" деген сөзiне қатысты түсiнiктеме беруiн сұраған журналистiң сауалына Олжас Ордабаев бұл саланы мемлекет реттемейтiнiн айтты. Осы себепті, ондағы жалақы тек нарыққа негізделген.

"Солтүстік Қазақстан облысы немесе басқа аймақтарда болсын кірпіш қалау қанша тұратынын мемлекет реттемейді. Мейлі ол монолитті жұмыс, кірпіш қалау, монтаждау жұмыстары болсын әр түрлі жұмыс түрлерінде де солай. Сондықтан түсініктеме беру қиынға соғады.

Бәлкім, егер әкім Солтүстік Қазақстан облысы бойынша құрылыс компаниялары тарапынан осындай ұсыныстар бар екенін айтса, бұл ақпаратқа күмәндануға негіз жоқ. Мүмкін, ол жақта кадр тапшылығына байланысты осындай ұсыныстар бар шығар", – дейді Ордабаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров аппарат жиналысында кірпіш қалап, күніне қайдан 90 мың теңге ақша табуға болатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010435-qurylyssylar-kunine-90-myn-tenge-alatyny-ras-pa-ministrlik-zauap-berdi/

pixel