jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда Тәжікстанда болған жер сілкінісі сезілді

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

23 ақпан күні, таңғы 06:37-де Алматы тұрғындары эпицентрі Тәжікстанда болған жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қаланың ТЖД сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Ал Алматыда жер сілкінісі 2-3 балды құраған.

Сонымен бірге ведомство тиісті органдардың жер сілкінісінен хабары барын жеткізген.

"Тиісті органдардың жер сілкінісінен хабары бар. Патрульдеу маршруттарында ештеңе байқалмайды, жағдай тұрақты. Тұрғындардан 112 және 101 жолдарға қоңырау түскен жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек жауапты мекеме "Қазселқорғау" мәліметтері бойынша, гидротехникалық құрылғылар деформация, отыру және жарықтар анықтамағандығын мәлімдеді.

Сондай-ақ департамент қалада ауқымды ТЖ орын алған жағдайда, шаһарда үйсіз қалған, зардап шеккендер 384 пунктке орналастыратынын хабарлайды.

Аталған пункттер зардап шеккен халықты жинауға, уақытша орналастыруға, бірінші кезекте қажетті заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз етуге, көлікке отырғызуға және қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға арналған. Олардың мекен-жайын 2GIS қосымшасынан және әкімдік пен ТЖД ресми сайттарынан табуға болады.

Айта кетсек, бүгін таңертең Тәжікстанда Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен шекарада 7,3 балдық жер сілкінісі болды. Әзірге қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түспеген.

Алматыда Тәжікстанда болған жер сілкінісі сезілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.