Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстанда магнитудасы 7,3 болатын жер сілкінісі болды

Жарияланған күні:

Жер сілкінісі
Жер сілкінісінен пайда болған жарықшақ. Көрнек фото: pixabay.com

Тәжікстанда Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданымен шекаралас аумақта, Қытайдың солтүстік-батысында 23 ақпан күні таңертең магнитудасы 7,3 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Қытай сейсмология орталығының хабарлауынша, жерасты дүмпуі сағат 08:37-де (Астана уақытымен 06:37-де) болған. Агенттік ұсынған мәліметтерге сәйкес, тұрғындар арасында зардап шеккендер және құлаған ғимараттар жайлы ақпарат әзірге келіп түспеген.

Сонымен қатар Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының (EMSC) мәліметтерінше, оның магнитудасы 6,8-ді құраған. Орталық таратқан ақпаратқа сай, жерасты дүмпуінің ошағы 20 шақырым тереңдікте болған.

Сол сияқты АҚШ-тың (United States Geological Survey, USGS) геологиялық қызметі де Тәжікстанда магнитудасы 6,8-ді құрайтын жер сілкінісі болғанын хабарлайды. Белгілі болғандай, жерасты дүмпулерінің ошағы Мургаба елдімекенінен 67 шақырым жерде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2010490-tazikstanda-magnitudasy-73-bolatyn-zer-silkinisi-boldy/