Алакөл көлі маңында жер сілкінісі тіркелді
Жарияланған күні:
Сәрсенбі, 23 ақпан күні Жетісу облысындағы Алакөл көлінің маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "СТӘЭ" ЖШС ресми сайты.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының солтүстік-шығысында 424 шақырым қашықтықта орналасқан.
"СТӘЭ" ЖШС ұсынған мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 4,1 болған.
Айта кетейік, бүгін, таңертең Тәжікстанда Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданымен шекаралас аумақта, Қытайдың солтүстік-батысында магнитудасы 7,3 болатын жер сілкінісі болды.
Оны бүгін таңғы 06:37-де Алматы тұрғындары да сезді. Мамандар Алматыдағы жер сілкінісі 2-3 баллды құрағанын мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010501-alakol-koli-manynda-zer-silkinisi-tirkeldi/