jitsu gif
Оқыс оқиға

    ҰҚК Қазақстанға заңсыз өтпек болған пәкістандықтардың ұсталғанын хабарлады

    9 Пәкістан азаматы Қазақстанға заңсыз өтпек болған
    9 Пәкістан азаматы Қазақстанға заңсыз өтпек болған. Фото: ҰҚК Шекара қызметі ресми сайты

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 15 ақпанда Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстанға заңсыз өтпек болған 9 пәкістандықты ұстады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

    Пәкістандықтарды ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ұстаған.

    Қазіргі уақытта құзырлы орган Пәкістан азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

    Еске сала кетсек, бұған дейін 4 ақпанда Ақтөбе облысында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген күдікпен төрт шетел азаматын ұстаған еді.

    Ұсталған адамдар қаңтар айында Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған. 

    Алайда Ресейге кіруге шектеулері болғандықтан, олар түнгі уақытта жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген.

    ҰҚК Қазақстанға заңсыз өтпек болған пәкістандықтардың ұсталғанын хабарлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.