Танымал Нұрлан имам жұбайы туралы: Балаларымның анасын марқұм енем арқылы танып-білдім
Жарияланған күні:
Имам, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы өзінің жұбайы жайлы айтты, деп жазады Turkystan.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Күні кеше Нұрлан имам бес баласын қалай тәрбиелейтінін айтып, көпшілікке тәрбие беруде өзі ұстанатын қағидаларын бөліскен болатын.
Сонымен қатар дінтанушы көпшілікке жұбайы жайлы алғаш рет айтып берді. Имам жұбайымен енесі арқылы танысқанын жасырмады.
"Балаларымның анасын марқұм енем арқылы танып-білдім. Анасына еріп, мешіттегі құран сабағына қатысатын. Екі рет сөйлестік. Қазақы дәстүрмен құда түсіп, үйлендім. Жұбайым намаздағы адам, мектепке дейінгі балалар педагогикасы мамандығын тәмамдаған. Қазір үйде балаларымның тәрбиесімен айналысады.
Марқұм атам да, енем де жақсы адамдар еді. Күйеу баласы болсам да, кеткенше маған "Сіз" деп өтті. Мені өз балаларынан кем тұтпады. Тіпті олардан бетер жақсы көрді десем, артық емес. Шамам келгенше, уақытым жеткенше қызметтерінде болдым. Үнемі дұғаларына қосып жүретін. Өмірден озарында атам мен енем батасын беріп, ризалығын білдірді", - деді Нұрлан имам.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010582-tanymal-nurlan-imam-zubaiy-turaly-balalarymnyn-anasyn-marqum-enem-arqyly-tanyp-bildim/