Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал Нұрлан имам жұбайы туралы: Балаларымның анасын марқұм енем ар­қылы танып-білдім

Опубликовано:

Нұрлан Байжі­гіт­ұлы имам
Нұрлан Байжі­гіт­ұлы. Фото: turkystan.kz

Имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлы өзінің жұбайы жайлы айтты, деп жазады Turkystan.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Күні кеше Нұрлан имам бес баласын қалай тәрбиелейтінін айтып, көпшілікке тәрбие беруде өзі ұстанатын қағидаларын бөліскен болатын.

Сонымен қатар дінтанушы көпшілікке жұбайы жайлы алғаш рет айтып берді. Имам жұбайымен енесі арқылы танысқанын жасырмады.

"Балаларымның анасын марқұм енем ар­қылы танып-білдім. Анасына еріп, мешіттегі құран са­ба­ғына қатысатын. Екі рет сөйлестік. Қа­зақы дәстүрмен құда түсіп, үйлендім. Жұбайым намаздағы адам, мектепке дейінгі балалар пе­да­гогикасы мамандығын тәмамдаған. Қазір үйде балаларымның тәрбиесімен айналы­сады.

Марқұм атам да, енем де жақсы адам­дар еді. Күйеу баласы болсам да, кет­­­кенше маған "Сіз" деп өтті. Мені өз бала­ла­рынан кем тұтпады. Тіпті олардан бетер жақ­сы көрді десем, артық емес. Шамам кел­ген­ше, уақытым жеткенше қызметтерінде бол­дым. Үнемі дұғаларына қосып жүретін. Өмір­ден озарында атам мен енем батасын бе­ріп, ризалығын білдірді", - деді Нұрлан имам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010582-tanymal-nurlan-imam-zubaiy-turaly-balalarymnyn-anasyn-marqum-enem-arqyly-tanyp-bildim/

pixel