Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-дағы тікұшақ апаты: зардап шеккен екі адамның жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өңірдегі тікұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, аталмыш оқиғадан 1961 және 1987 жылғы ер адамдар жарақат алған.

"Алдын ала мәлімет бойынша екеуі де бас пен мидың жабық жарақатын алып, милары шайқалған. Оған қоса бас төбесі соғылған. Екеуі де қалалық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатыр. Жағдайлары тұрақты", - дейді ҚазАқпарат тілшісіне Айнагүл Сақпосынова.

Еске сала кетейік, 23 ақпанда "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысымен құбырды тексеру бойынша ұшып шыққан "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда қонып, салдарынан тікұшақтағы 4 адамның мерт болғанын хабарлаған едік.

Азаматтық авиация комитетінің ақпаратынша, тікұшақ сағат 15:50-де БҚО-ның Чапурино елдімекенінен 6 шақырым қашықтықта қатты екпінмен келіп қонған. Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған.

Қазіргі таңда тікұшақ апатына байланысты Көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010673-bqo-dagy-tikusaq-apaty-zardap-sekken-eki-adam-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel