Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Гүлмира Кәрімова
Гүлмира Кәрімова. Фото: gov.kz

Полиция сенаттың бұрынғы депутаты, Оқу-ағарту министрлігі комитеттерінің бірінің жетекшісі Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Кісі өлімі" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады Астана қаласының Полиция департаментінен.

Органның баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайды.

Еске салсақ, Гүлмира Кәрімова 27 қаңтарда дүние салды. Сенаттың баспасөз қызметінің таратқан хабарламасы бойынша оның өліміне "анафилаксиялық шок" деген диагноз себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010872-eks-senator-gulmira-karimovanyn-olimine-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel