"Сөмке лақтырып, бағаналарды құлатты": Астана әуежайында жолаушылар жанжал шығарды (видео)
Жарияланған күні:
Елорда әуежайында FlyArystan әуе компаниясының Астана – Шымкент рейсінің жолаушылары рейстің кешігуіне байланысты жанжал шығарды. Көліктегі полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік желіде елорда әуежайындағы ашулы жолаушылар түсірілген видеолар жарияланды. Zhest_kz Telegram арнасының жолаушылардың өз сөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, FlyArystan әуе компаниясының Астана – Шымкент рейсі 25 ақпан күні таңғы сағат 5:40-та ұшып шығуы тиіс болған.
"Олардың айтуынша, рейс ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 сағатқа кешіктірілген, бірақ басқа әуе компанияның ұшағы жарты сағаттан кейін ұшып кеткен. Біраздан кейін әуежайда күтіп отырған жолаушыларға SMS арқылы рейстің мүлде алынып тасталғаны туралы хабарланған. Ашулы жолаушылар әуежайда жанжал шығарды", – делінген хабарламада.
Видеолардың бірінде кешіктірілген рейстің жолаушысы әуе компаниясының қызметкеріне қол көтергенін көруге болады. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Ведомствоның хабарлауынша, 25 ақпанда Астана әуежайындағы желілік полиция бөліміне FlyArystan әуе компаниясының өкілдерінен Шымкенттегі ауа-райының қолайсыздығына байланысты Астана – Шымкент рейсінің кешігуі туралы хабарлама келіп түскен.
"Осыған байланысты 20-ға жуық жолаушы әуе компаниясының өкілдеріне наразылықтарын білдіріп, белсенді түрде қарсылық көрсете бастады, атап айтқанда: Т-2 терминалының екінші қабатындағы тіркеу үстелінде тұрып жеке заттарын, сөмкелерін және пластик бөтелкедегі ауыз суды лақтырды, сонымен қатар ақпараттық тіректер мен қорғаныш ленталары құлады", – деп хабарлады көліктегі ПД баспасөз қызметі.
Істі қарау барысында аталған рейспен ұшқан 27 жастағы елорда тұрғыны анықталып, оған қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-2-бабы (Ұрып-соғу) бойынша екі әкімшілік хаттама жасалғаны атап өтілді.
"Жағдай қалыпқа келтірілгеннен кейін осы рейстің жолаушыларына сатып алу орны бойынша авиабилеттерді қайтару жүзеге асырылды", – деп толықтырды ведомстводан.
Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер бар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010893-somke-laqtyryp-baganalardy-qulatty-astana-auezaiynda-zolausylar-zanzal-sygardy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.