Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайындағы жанжалға қатысты Азаматтық авиация комитеті түсініктеме берді

Опубликовано:

Астана әуежайы
Астана Халықаралық әуежайы. Көрнекі фото: Астана әуежайының баспасөз қызметі

Азаматтық авиация комитеті FlyArystan компаниясының рейсті алып тастағанына ашуланған жолаушылардың Астана әуежайында шығарған жанжалына қатысты пікір білдірді. Түсініктеме ААК-нің ресми Telegram-арнасында жарияланды.

Комитет ауа райының қолайсыздығына, яғни Шымкент әуежайындағы қатты желге байланысты рейстің ұшуы кейінге қалдырылғанын, одан соң мүлдем алынып тасталғанын растады. Рейс мәртебесінің өзгеруінің барлық фактісі бойынша жолаушыларға тиісті хабарламалар жіберілген.

"Ұшуды күту кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушыларға салқын сусындар мен ыстық тамақ таратылды. Сондай-ақ өтініш білдірген барлық жолаушыға билеттерді толық қайтару рәсімделді", – деп хабарлады ААК.

Сонымен қатар, Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі аталған факт бойынша қосымша тексеру жүргізетінін мәлімдеді.

"Әуе компания тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады", – деп хабарлады ведомство.

Азаматтық авиация комитеті Азаматтық авиациядағы басты басымдық ұшу қауіпсіздігі болып табылатынын еске салды.

Бұған дейін 25 ақпанда Астана әуежайында алынып тасталған рейстің жолаушылары жанжал шығарғанынын хабарлаған болатынбыз. Құқық қорғаушылардың айтуынша, олар бөтелкелер мен заттарды лақтырып, тіректер мен қорғаныс ленталарын құлатқан. Ұсақ бұзақылық пен әуе компаниясы қызметкерін ұрып-соққаны үшін жолаушылардың бірі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010897-astana-auezaiyndagy-zanzalga-aak-tusinikteme-berdi/

pixel