Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Украинаға әскери техника жібергені рас па: Қорғаныс министрлігі пікір білдірді

Опубликовано:

Әскери техникалар
Әскери техникалар. Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

Еліміздің Қорғаныс министрлігі ресми Telegram арнасында әлеуметтік желіде тараған "Қазақстан Украинаға әскери техника жіберді" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери техниканы Украинаға жөнелту туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл бронды машиналар жоспарлы түрде жөндеуге жіберілгенде түсірілген ескі видео болып табылады.

Қазіргі уақытта әскери техника сақтау орнында. Бұдан бөлек, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын да хабарлаймыз", - делінген Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында ресейлік БАҚ-та Қазақстан аумағынан Украина қарулы күштеріне тиесілі ұшқышсыз ұшақ ұшырылды деген ақпарат тараған болатын. Сол кезде Қазақстан Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011056-qazaqstan-ukrainaga-askeri-texnika-zibergeni-ras-pa-qorganys-ministrligi-pikir-bildirdi/

pixel