jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Маңғыстау облысында Қазақстанда сирек кездесетін аң видеоға түсіп қалды

Итаю
Итаю. Видеодан кадр: instagram.com/112_aktau

Маңғыстау облысында тұрғындар елімізде сирек кездесетін аң - итаюды (медоед) видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды inaktau.kz.

Басылымның жазуынша, тұрғындар итаюды көлікпен ен далада кетіп бара жатып байқап, видеоға түсіріп алған.

Итаю адамарға айбат көрсетіп, кейін қашып кетіп, тығылып қалған.

Басылымның мәліметінше, итаюды бұған дейін тұрғындар 2022 жылдың маусым айында қөрген. Сол кезде белгісіз адамдар оны жол талғамайтын көлікпен қуған.

Айта кетейік, итаю (медоед) немесе қасқа борсық - сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң. Ол негізінен Африкада, Азияда, Түрікменстанда мекендейді, ал Қазақстанда Батыс Үстірт құмдары мен Қарынжарық ойысында кездеседі.

Өте сирек кездесетін аң болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Өмір сүру ұзақтығы - 24 жыл. Олар жалғыз өмір сүреді.

Итаю адамнан қорықпайды, кейде тіпті оған шабуыл жасауы да мүмкін. Сирек кездесетін аңның қалың терісіне мысық тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аңдардың да, улы жыландардың да тісі батпайды.

Итаюдың алдыңғы аяқтары мен ондағы өткір тырнақтары және тістері олардың басты қорғану құралы болып табылады. Сонымен бірге олар скунстар тәрізді өздеріне шабуыл жасалғанда, бойларынан жағымсыз иіс шығара алады.

Итаю дене тұрқы, ешкімнен қорықпайтындығы, өзін агрессивті ұстауы жағынан Қазақстанда сирек кездесетін тағы бір аң құнуға ұқсайды.

Маңғыстау облысында Қазақстанда сирек кездесетін аң видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.