Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокурор генерал-майор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Опубликовано:

Серік Күдебаев
Серік Күдебаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Талдықорғанда Алматы облыстық полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот талқылауы басталды. Мемлекеттік айыптаушы Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот талқылауы басталды. Ол ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздігі үшін айыпталып отыр.

Басылымның мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы Ерлан Қыдырбаев айыпталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Айта кетейік, 2022 жылдың көктемінде Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғаны белгілі болған еді.

Ал биыл 5 қаңтарда Талдықорған қалалық сотында Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы басталғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011164-prokuror-general-maior-serik-kudebaevty-togyz-zylga-bas-bostandygynan-aiyrudy-surady/

pixel