Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жасқа толмаған балалар енді TikTok-ты тек бір сағат пайдалана алады

Опубликовано:

Ер адам TikTok логотипін қарап отыр
ТikTok логотипі. Фото: Рexels.com

18 жасқа толмаған балалардың TikTok-та отыру уақыты шектелетін болды. Ал ұзағырақ отырғысы келсе ата-анасының келісімі болуы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ порталы TikTok-тың ресми сайтына сілтеме жасап.

TikTok әкімшілігінің хабарламасына сүйенген басылымның жазуынша, әлеуметтік желінің денсаулыққа әсері туралы ғылымда ортақ пікір жоқ.

Дегенмен, жуық арада 18 жасқа толмаған қолданушылардың TikTok желісінде отыру уақыты қысқарады.

"Алдағы апталардан бастап 18 жасқа толмаған әрбір аккаунт иесі үшін шектеу енгізіледі. Янғи, олар қосымшаны күніне 60 минутта артық пайдалана алмайды",– делінген TikTok-тың ресми сайтында.

TikTok әкімшілігінің хабарлауынша, бір сағаттан кейін әлеуметтік желіні пайдалануды жалғастыру үшін кіру кодын енгізу қажет.

"Егер пайдаланушы 13 жасқа толмаған болса, TikTok қолданбасының уақытын созу үшін ата-ананың рұқсатын, яғни кіру кодын енгізуі керек. Бұл жағдайда әлеуметтік желі әкімшілігі балаға қосымша 30 минут береді", – деп жазады басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011483-aldagy-aptadan-bastap-18-zasqa-tolmagan-balalar-tiktok-ty-tek-bir-sagat-paidalanady/

pixel