Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабековке сот үкімі шықты

Опубликовано:

Жақсылық Шалабеков
Жақсылық Шалабеков. Фото: Gov.kz

Қарағандының Қазыбек би аудандық соты қала әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабековке қатысты жаңа үкім шығарды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сотта айыпталушы ретінде Жақсылық Шалабеков пен кәсіпкер Ермек Қасенов отырды. Соттың хабарлауынша, тергеу органдары алғашында айыпталушыларды ысырап ету арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп айыптаған.

Алайда сот барысында прокурорлар айыпталушылардың кінәсін дәлелдей алмады. Сот тергеу органы тарапынан қылмыстық-процестік кодексті бұзушылық болды деп таныған. Нәтижесінде сот екеуіне қатысты баптарды қайта өзгертті.

Жақсылық Шалабековке ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған. Ал Ермек Қасенов аса ірі көлемде қаржы жымқыру арқылы алаяқтық жасады деген айыпталды.

Соттың хабарлауынша, сот Жақсылық Шалабеков Құрылыс басқармасының басшысы бола тұра, қосымша келісімге қол қойып, оған сәйкес Ермек Ксаенов ұсынатын құрылыс компаниясына 120 миллион теңге аванстық төлем берілгенін анықтаған. Бұл ретте ол екі көпқабатты үй салуды мойнына алған серіктестіктің құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтамағанын да білген.

Қасенов соттың хабарламасында көрсетілгендей, құрылыс компаниясының басшысы болмаса да, алаяқтық жолмен бөлінген сомадан 100 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған. Алайда сот 120 миллионның барлығы мемлекетке қайтарылғанын атап өтті.

"Шалабеков өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қасеновке келтірген материалдық шығынды толық өтегенін ескере отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енбеді", – делінген Қазыбек би аудандық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, Жақсылық Шалабековтің ұсталғаны туралы ақпарат желіде 2020 жылдың 13 қыркүйегінде пайда болған еді.

Кейінірек Қарағандыдағы Қазыбек би ауданының соты шенеунікті қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, оған бір жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011580-qaragandy-qalasy-akiminin-buryngy-orynbasary-zaqsylyq-salabekovke-sot-ukimi-syqty/

pixel