Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеке куәлік алуға өз бетінше өтініш беруге болады": Астанадағы ХҚКО-да жаңа терминал іске қосылды (фото)

Опубликовано:

Терминалды қолданып жатқан ер адам
Автоматтандырылған терминалды қолданып жатқан ер адам. Фото: polisia.kz

Астанадағы ХҚКО-да автоматтандырылған биометриялық жүйемен, фотосуретке түсіру функциясымен және арнайы интерфейспен жабдықталған өз-өзіне қызмет көрсету терминалы іске қосылды. Терминал көмегімен адам жеке куәлік немесе төлқұжат алуға өз бетінше өтініш бере алады, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, жаңа терминал елордалық Халыққа қызмет көрсету орталығында пилоттық режимде іске қосылған. Жобаны ІІМ мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірлеген.

Елорордадағы жаңа ХҚКО-да осындай төрт құрылғы жұмыс істейтін болады. Жаңа терминалмен бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин танысқан.

"Бұл технология мемлекет ұсынатын қызметтердің сапасы мен жылдамдығын арттырады, құжаттарды ресімдеу мерзімін едәуір қысқартады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Себебі барлық процесс ашық түрде жүргізіледі. Құрылғының көмегімен тек өтініш беріп қана қоймай, дерекқордағы фотосурет бойынша жеке басты сәйкестендіріп, QR-коды арқылы төлемді сол жерде жасауға болады", - деп жазады ведомствоның ресми сайты.

Автоматтандырылған терминал таныстырылымы
Автоматтандырылған терминал таныстырылымы. Фото: polisia.kz

ІІМ мәліметінше, құжаттандыру терминалында пайдалану үшін бірнеше қадам жасау жеткілікті:

  • ЖСН және ұялы телефон нөмірін енгізу;
  • суретке түсіру және қол қою;
  • экрандағы QR-кодты пайдаланып, мемлекеттік бажды төлеу;
  • SMS арқылы қолхат алу;
  • көші-қон қызметінің қызметкеріне өтінім нөмірін дайындау үшін көрсету.

Сонымен қатар ұялы телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасына тіркелген болуы шарт. Бірақ мұны өтінімді ресімдеу кезінде де жасауға болады.

Автоматтандырылған терминал және ер адам
Автоматтандырылған терминалды қолданып жатқан ер адам. Фото: polisia.kz

Ведомство сайтының дерегінше, бүгін алғаш рет автоматтандырылған терминал арқылы ресімделген жеке куәлік дайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011695-zeke-kualik-aluga-oz-betinse-otinis-beruge-bolady-astanadagy-xqko-zana-terminal-iske-qosyldy-foto/

pixel