Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Опубликовано:

Арман Жұмагелдиев
Арман Жұмагелдиев. Фото: instagram.com/armandzhumageldiev

Көпшілікке "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Ол 7 сәуірге дейін қамауда отырады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 6 наурызда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, Ж.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 1 айға дейін, яғни 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 7 қаңтарда Арман Жұмагелдиев ұсталып, кейін елорда сотының санкциясымен қамауға алынған еді. Сол уақыттан бері оны қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды.

Жұмагелдиев Қылмыстық кодекстің 272-бабы ("Жаппай тәртіпсіздік"), сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша күдікке ілініп отыр.

Сонымен қатар Бас прокуратура Қайрат Құдайберген мен "Дикий Арман" рақымшылыққа ілікпейтінін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011894-dikii-armandy-qamauda-ustau-merzimi-tagy-bir-aiga-uzartyldy/

pixel