Петропавлдағы мектепте қарулы шабуыл кезінде зардап шеккен оқушылар ауруханадан шығарылды
Жарияланған күні:
Бүгінгі үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы мектептердің бірінде болған қарулы шабуыл кезінде зардап шеккен оқушылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Айдарбек Сапаров зардап шеккен оқушылар ауруханадан шығарылғанын, жағдайы қанағаттанарлық екенін жеткізді.
"Дәрігерлік-консультациялық комиссия үй жағдайында оқытуды ұсынды. Бұл мәселе тұрақты бақылауда", - дейді облыс әкімі.
Еске сала кетсек, 13 ақпанда таңертең Петропавлдағы мектептердің бірінде оқушы өзге балаларға балтамен шабуыл жасап, салдарынан үш бала жарақат алған еді.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, күдікті сол мектептің 9-сынып оқушысы. Құзырлы орган кәмелетке толмаған баланың психиатриялық есепте тұрғанын мәлім етті.
Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаевтың айтуынша, шабуыл жасаған оқушыны жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері тоқтатқан.
Қазіргі таңда күдікті 2 айға қамауға алынған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 14-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012044-petropavl-mektepterinin-birindegi-qaruly-sabuyl-kezinde-zardap-sekken-oqusylar-auruxanadan-sygaryldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.