"Өліп қалғаннан, жалғыз қалған жақсы": Алматыда феминистер шеруі өтті (фото)
Жарияланған күні:
Бүгін, 8 наурызда Алматы қаласында сексуалдық зорлық-зомбылыққа қарсы феминистердің шеруі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Белгілі болғандай, жүздеген алматылық Махатма Ганди ескерткіші маңындағы алаңға жиналған.
Олар сексуалды зорлық-зомбылық пен Қазақстандағы әйелдердің дене автономиясы мәселесін көтерген.
Наразылық білдірген топтар "Гүлдерге гүлзар, әйелдерге құқық", "Жатыр жоқ жерде пікір жоқ", "Мен еркектерден қорықпағым келеді", "Өліп қалғаннан, жалғыз қалған жақсы", "Шыда немесе өл" деген секілді плакаттарды алып шыққан.
"Ұмыту және әрі қарай өмір сүру – бұл миф. Зорлық-зомбылық күн сайын ондаған, жүздеген, мыңдаған әйелдердің түбіне жетуде. Зорлық-зомбылық адамның жанын құрдымға кетіреді. Оны мәңгі ұмыту мүмкін емес. Тек зорлықтың қорқынышты естеліктермен ғана өмір сүруге болады", - деді SVET қорының негізін қалаушы және құқық қорғаушы Мөлдір Албан.
"Жоқ деді ме, демек жоқ"," Харассментке жол жоқ", – деп ұрандады қыздар.
"Шеру бүгін Бішкек қаласында да өтіп жатыр. Ал 8 сәуірде Астана қаласында болады. Феминистік күш пен ашуды тоқтатуға болмайды", - деді феминист Жанар Серкебаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012156-almatyda-feminister-serui-otti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.