ІІМ басшысы генерал-майор Берік Біләловтің ісіне қатысты жаңа мәліметті бөлісті
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов сенат кулуарында СҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарған Берік Біләловқа қатысты сотқа дейінгі тергеу қандай факті бойынша жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Екі жыл бұрын ол біреуден қарыз алған (ақша – ред). Қазір ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаменті қаражатты әлі қайтармағанын (Біләлов – ред.) айтып жүгінген өтініш берушінің арызы бойынша істі объективті болуы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдады", – дейді Марат Ахметжанов журналистерге.
Еске салсақ, генерал-майор Берік Біләлов ақпан айында ұсталған болатын. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті оның ұсталғанын растап, бірақ ол ұсталған кезде қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қатарында болмағанын атап өтті.
Кейін ІІМ Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу қаражатты алаяқтық жолмен иемдену туралы өтініштен кейін басталғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012265-iim-bassysy-general-maior-berik-bilalovtin-isine-qatysty-zana-malimetti-bolisti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.