Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды

Опубликовано:

Марат Әлиханов
Марат Әлиханов. Фото: Gov.kz

Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокуратураның ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Марат Әлиханов 1965 жылы дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған.

Әр жылдары Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Бас прокуратурда басқарма басшысы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, Ақмола облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агентігі департаментінің бастығы болған.

Еліміздің Бас көлік прокуроры және Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары болып та қызмет еткен.

Ал 2020 жылдың ақпанында Бас прокурордың бұйрығымен Түркістан облысының прокуроры болып тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012273-turkistan-oblysynyn-prokurory-zumys-ornynda-qaitys-boldy/

pixel