Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мақпал Жүнісова жылы лебізін арнады": Тойда хит әнді нақышына келтіріп орындаған балақай кім

Опубликовано:

Ақтауда тойда ән айтып тұрған бала
Зейін Қоянбек. Видеодан кадр: Instagram/phakizat

Әлеуметтік желіде ақтаулық балақайдың әнші Садраддиннің хит әнін орындап тұрған сәтінен видео тарады. Бейнежазбаға Мақпал Жүнісовадан бастап, танымал эстрада жұлдыздары да пікір қалдырып, өз парақшаларында бөлісуде. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі Зейіннің анасы Факизат Шыныбековадан оның өнерге деген ынтасы туралы сұрап білді.

Зейін - жеті жаста, әзірге үйдің кенжесі. Анасының айтуынша, ол кішкентай кезінен ән айтқанды ұнатады.

"Ұлым үйде де, көлікте де танымал әншілердің әніне қосылып, ән айтқанды жақсы көреді. Бұның алдында да желіде ән айтқан сәті таралып кеткен еді. Осы жолы да көпшілік жылы лебізін білдіруде, видео көп қаралым жинауда", - дейді Факизат.

Оның сөзінше, Зейін көбінесе Қайрат Нұртас, Садраддин, Калифарния секілді әншілердің әнін айтқанды жақсы көреді.

Желіде тараған видеода Зейін әнді жанды дауыста айтқан. Факизат ұлының өнерін танымал әншілер де жоғары бағалап жатқанын айтады.

"Видеоға Мақпал Жүнісова, Нұрлан Албан, Назима, Алмас Кішкенбаев, Әсем Жакетаева, Иса Әлимұса пікір қалдырды, жылы лебізін жазды. Көп әнші өз парақшасында бөлісті", - дейді Факизат Шыныбекова.

Айтуынша, алдағы уақытта Зейінді үлкен сахнаға шығару жоспары бар.

"Әкесі үнемі ізденіс үстінде. Баласының әнге деген махаббатын көріп, екеуі күнде студияларда жүр. Жоспарымыз өте көп. Баламыз өзі қаласа, біз оның жоспарын жүзеге асыруға тырысамыз. Қазіргі таңда жүрегі ән деп соғып тұр. Үлкен сахнаға шығу үшін әлі көп дайындық керек деп ойлаймын. Вокал, әртістік шеберлік сабақтарына қатысып, дайын болғанда сахнаға шығамыз", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012275-maqpal-zunisova-zyly-lebizin-arnady-toida-xit-andi-naqysyna-keltirip-oryndagan-balaqai-kim-video/

pixel