Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Генерал-майор Серік Күдебаев ауруханаға түсіп қалды

Опубликовано:

Серік Күдебаев
Серік Күдебаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы кейінге шегерілді. Айыпталушының ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство ақпаратынша, 10 наурызға белгіленген сот отырысы келесі аптада жалғасады. "Талдықорған қалалық соты таратқан ақпаратқа сәйкес, айыпталушының ауруханаға жатқызылуына байланысты сот отырысы кейінге шегерілді. Сот келесі аптаға ауыстырылды", - деді Жетісу облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Ақпаратты айыпталушының адвокаты Руслан Баймақов та растады.

"Иә, Серік Мырзақұлұлы кеше Алматыдағы емдеу мекемелерінің біріне жатқызылды. Әзірге оған қойылған диагноз туралы айтуға құқығым жоқ. Шынымен сот осы себепке байланысты кейінге шегерілді", - деп түсіндірді адвокат.

Еске салайық, қаңтар айының басында Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы басталған болатын. Генерал-майорға Қылмыстық кодекстің 362-бабы ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") және 146-бабы ("Азаптау") бойынша айып тағылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012468-general-maior-serik-kudebaev-auruxanaga-tusip-qaldy/

pixel