jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Алматыда жойқын жер сілкінісі бола ма?": Мамандар көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді

Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйі
Көрнекі сурет: Владимир Третьяков/NUR.KZ

Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев журналистерге арнап брифинг өткізіп, Алматыда жақын арада жойқын жер сілкінісі болмайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сейсмология институтындағы мамандардың айтуынша, Түркия, Сирия мен Тәжікстандағы зілзаладан соң Қазақстан азаматтарының көңілінде алаң пайда болған.

"Биыл Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарын біріктіретін Алматы полигоны аймағында жойқын жер сілкінісі болмайды. Алдағы аптада 3-3,5 балдық тербелістер сезілуі мүмкін", - деді институт директоры Дәулет Сәрсенбаев.

Оның айтуынша, биыл Алматыда 7 балл және күші одан да жоғары жер сілкінісінің болмайтыны 70 пайыз ықтимал.

"Қала тұрғындары мен қонақтарының үрейленетін қаупі жоқ. Десе де, біз сейсмикалық қауіпті аймақта тұратынымызды және әрдайым дайын болу қажеттігін ұмытпауымыз керек. Бәрінен бұрын кешенді дайындық қажет. Тұрғындар төтенше жағдай, оның ішінде жер сілкінісі кезінде өзін ұстау мәдениетін меңгергені дұрыс", - дейді Сәрсенбаев.

Қазіргі таңда Алматы қаласы, Алматы мен Жетісу облыстары аймағында 47 сейсмостанция орналасқан.

"Алматыда жойқын жер сілкінісі бола ма?": Мамандар көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.