Оралда тұрғын үйлердің жертөлесін су басты (фото, видео)
Жарияланған күні:
Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары жертөлені және бірнеше үйдің астын еріген қар суы басып жатқанын хабарлады, деп жазады "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның мәлімдеуінше, редакцияға қаладағы Мөңкеұлы көшесі, 97/4 үйдің тұрғындары хабарласқан. Олар Саратов тас жолы каналдарындағы еріген қар суы тұрғын үйлердің жертөлесін басып жатқанын жеткізген. Тұрғындардың айтуынша, бұл - жертөлесін су басқан жалғыз көпқабатты үй емес.
"Тілшілер анықтағандай, су аталған ықшамаудандағы біраз үйге жеткен. Қазір аумақ бойынша БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп, суды мотопомпалар арқылы тартып жатыр",- деп жазады басылымы.
Орал қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Амангелді Ешмұхановтың айтуынша, биыл топырақтың 1,5 метр биіктікте қатты қатуына байланысты еріген қар суы жер бетінде қалған.
"Зашағандағы Саратов тас жолының бойында су тарту жүйесі бар. Канал суға толып кетті. Қазір еріген суды айдап, Анискино көліне құятын қуатты мотопомпалар орнатып жатырмыз. Каналдан су төгіліп, көпқабатты үйлерге жетті", - деді Ешмұханов.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде су тасқынына байланысты жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012591-oralda-turgyn-uilerdin-zertolesin-su-basty-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.