jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Қасиетті айдың құрметі үшін": Бас мүфти Рамазанда кәсіпкерлерді халыққа жеңілдік жасауға шақырды

Наурызбай қажы Тағанұлы
Наурызбай қажы Тағанұлы. Фото: muftyat.kz

Елордада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды muftyat.kz.

"Осы ретте кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін. Жақсы амалдарыңыз өздеріңізге еселеп жақсылық болып қайтатынында күмән жоқ.

Мұндайда халқымыз: "Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің" демей ме?! Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде-кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді", – деген.

Осы сәтті пайдаланып, барша қауымға қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегімді жеткіземін. Алла Тағала Рамазанның құрметі үшін жасаған жақсы ісіміздің себебімен баршамызды жақсылыққа кенелткей", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Наурызбай қажы Тағанұлы биыл пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленгенін мәлімдеген еді.

Айта кетсек, биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі.

"Қасиетті айдың құрметі үшін": Бас мүфти Рамазанда кәсіпкерлерді халыққа жеңілдік жасауға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.