Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәстүрімізді қолдаған жөн": Түркістан облысының әкімі бастаған мемқызметкерлер жұмысқа ұлттық киіммен келді

Опубликовано:

Жұмысқа ұлттық киіммен келген мемқызметшілер
Жұмысқа ұлттық киіммен келген Түркістан облысының әкімі және өзге де мемқызметшілер. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Түркістан облысында Наурыз мерекесі 10 күн бойы елдің еңсесін көтеретін игі іс-шаралармен өрнектеліп жатыр. Бүгін, 15 наурызға "Наурыз – ұлттық дәстүр мен меймандостық мерекесі" деп айдар тағылып, облыс, қала, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жұмысқа қазақтың ұлттық киімін киіп келді, деп хабарлайды Түркістан облысының әкімдігі ресми сайтында.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, ұлттық болмысымызды, мәдениетіміз бен киімімізді дәріптеуге арналған бастаманы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көтерген.

Жұмысқа ұлттық киіммен келген мемқызметшілер
Жұмысқа ұлттық киіммен келген мемқызметшілер. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Бұл бастамаға облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, аудан, қала әкімдері мен әкімдік ұжымдарының қызметкерлері қолдау көрсетіп, жұмысқа ұлттық киіммен келген.

Жұмысқа ұлттық киіммен келген мемқызметшілер
Жұмысқа ұлттық киіммен келген мемқызметшілер. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Әріптестерін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаған аймақ басшысы бүгін облыс әкімі аппаратының кезекті отырысын өткізіп, ұлттық киім мемлекеттік қызметшінің болмысын ерекше етіп көрсететін атап өткен.

Дархан Сатыбалды
Дархан Сатыбалды: facebook.com/ontustik.gov.kz

"Сіздерді ұлттық киімде көріп көңілім көтеріліп кетті. Ұлттық киім мемлекеттік қызметшінің болмысын ерекше етіп көрсетеді. Мәдениетіміз бен дәстүрімізді қолдаған жөн. Наурыз жақсылығымен келіп, халқымыздың берекесі арта берсін", – дейді Дархан Сатыбалды.

жұмысқа ұлттық киіммен келген мемқызметші
Жұмысқа ұлттық киіммен келген мемқызметші. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Түркістан өңірінің мемлекеттік қызметшілері алдағы уақытта да ұлттық киім киюді дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.

Жұмысқа ұлттық киіммен келген мемқызметшілер
Жұмысқа ұлттық киіммен келген мемқызметшілер. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Жұмысқа ұлттық киіммен келген мемқызметші
Жұмысқа ұлттық киіммен келген мемқызметші. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Айта кетейік, кеше, 14 сәуірде Қазақстан халқы Көрісу күнін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы да қазақстанықтарды Амал мерексімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012999-dasturimizdi-qoldagan-zon-turkistan-oblysynyn-akimi-bastagan-memqyzmetsiler-zumysqa-ulttyq-kiimmen-keldi-foto/

pixel