Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Назарбаев ААМЖЗ акцияларының 31,9 пайызын мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттелді

Опубликовано:

Болат Назарбаев
Болат Назарбаев. Фото: Saliqaly.kz

Болат Назарбаев ААМЖЗ акцияларының 31,9 пайызын мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттелді. Мұндай кассациялық шешім Жоғарғы соттың ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәселен, сот шешімінде ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 1998 жылғы 18 ақпандағы шарт бойынша "Темір Кон" ЖШС тендер жеңімпазына 105 300 000 теңгеге жарғылық қордың 31,9 пайыз мөлшерінде "ААМЖЗ" АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін сатқанын айтады.

"2007 жылғы 2 сәуірде "Темір Кон" ЖШС Б.Ә. Назарбаевқа "ААМЖЗ" АҚ жарғылық капиталының 86,7812 пайызы мөлшерінде акциялар сатты, оның 31,9 пайызы бұрын мемлекеттік пакет болған. 2009 жылғы 1 сәуірде комитет арасында, яғни "Темір Кон" ЖШС және Б.Ә.Назарбаев арасында келісім бойынша міндеттемедегі тұлғаларды өзгерту туралы келісім жасалды, осы міндеттемелер орындалмаған жағдайда Б.Ә. Назарбаев комитетке мемлекеттік акциялар пакетін беруге міндеттелді.

2009 жылғы 2 сәуірде "ААМЖЗ" АҚ-ның 398 246 дана жай акцияларын, оның ішінде даулы акциялар да бар, Б.Ә.Назарбаев шарт бойынша "PLS–ТМ" ЖШС сатты", – делінген сот шешімінде.

Сондай-ақ Болат Назарбаевтың келісімшарт талаптарын орындамағанын ескере отырып, ол даулы акциялар пакетін сатушыға қайтаруға міндетті екені атап көрсетілген. Нәтижесінде Жоғарғы сот Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 сотының 2012 жылғы 11 қыркүйектегі шешімін жою туралы және Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 30 қараша 2012 жылғы қаулысының күшін жою туралы қаулы шығарды.

Сот Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің талап-арызын қанағаттандыру туралы қаулы етті және Болат Назарбаев пен "PLS-ТМ" ЖШС арасында жасалған 2009 жылғы 2 сәуірдегі бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты жарғылық қордың 31,9 пайызын құрайтын "ААМЖЗ" АҚ-ның жай атаулы акцияларын сату бөлігінде жарамсыз деп танылсын.

"Б.А.Назарбаев "ААМЖЗ" АҚ жарғылық капиталының 31,9 пайыз көлеміндегі "ААМЖЗ" АҚ жай атаулы акцияларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" мемлекеттік мекемесіне беру арқылы мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттелсін", – делінген сот шешімінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013144-bolat-nazarbaev-aamzz-akciyalarynyn-319-paiyzyn-memleket-mensigine-qaitaruga-mindetteldi/

pixel