Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Күдебаевтың соты тағы да кейінге шегерілді

Опубликовано:

Серік Күдебаев
Серік Күдебаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы тағы кейінге қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, бүгін генерал-майор Серік Күдебаевқа сот үкімі шығарылуы керек еді. Алайда оның сырқатына байланысты сот отырысы тағы да кейінге шегерілген.

Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлауынша, келесі отырыстың өтетін күні кейінірек белгілі болады.

Айта кетейік, бұған дейін 10 наурызға белгіленген сот отырысы Серік Күдебаев ауруханаға түсіп қалғандықтан, кейінге шегерілген еді.

Еске сала кетсек, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген.

Оған қатысты сот процесі биыл қаңтар айында басталды.

Серік Күдебаев 2020 жылғы қаңтардан 2022 жылғы қаңтарға дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013149-serik-kudebaevtyn-soty-tagy-da-keiinge-segerildi/

pixel