jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Арасында егіз сәбилер де бар: сайлау күні елімізде қанша нәресте дүниеге келді

Cәбидің аяғы
Жаңа туған нәресте. Көрнекі сурет: pixabay.com

19 наурызда парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына сайлау күні елімізде 609 кішкентай қазақстандық дүниеге келді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі Telegam-дағы ресми арнасында.

Ведомство мәліметінше, 609 сәбидің ішінде: 312 ұл, 297 қыз, бір егіз жарық дүние есігін ашқан.

"Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз!"- делінген хабарламада.

Сонымен қатар сайлау күні республиканың стационарларында емделіп жатқан пациенттер үшін емдеуге жатқызу орны бойынша дауыс беру үшін жағдайлар ұйымдастырылған.

Арасында егіз сәбилер де бар: сайлау күні елімізде қанша нәресте дүниеге келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram