jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Павлодар облысында бала сүюді 8 жыл армандаған отбасында егіз қыздар дүниеге келді

нәресте
Жаңа туған нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Жексенбі, 19 наурыз күні Павлодар облысында сегіз жылдан бері бала сүюді армандаған отбасында егіз қыздар дүниеге келді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Бірінші болып Елизавета дүниеге келді, салмағы – 2200 грамм, бойы – 50 сантиметр. Екіншісі – Виктория сәл кішірек туды. Оның салмағы – 1950 грамм, бойы – 47 сантиметр. Бұл – біздің аудандағы соңғы төрт жылда экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген алғашқы егіздер", – дейді Железин аудандық аурухананың бас дәрігері Роман Пак.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар сегіз жыл бойы бала сүюді армандаған. Осылайша жасанды ұрықтандырудың үшінші әрекеті сәтті аяқталған. Егіздердің анасы аудандық ауруханада жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін 19 наурызда елімізде 609 нәресте дүниеге келгенін хабарлаған едік.

Павлодар облысында бала сүюді 8 жыл армандаған отбасында егіз қыздар дүниеге келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.