jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең бақытты ел болып шықты

Бақытты отбасы
Отбасы. Көрнекі фото: Рexels.com

20 наурызда бүкіл әлем Халықаралық бақыт күнін атап өтеді. Осыған байланысты мамандар зерттеу жүргізіп, елдердің бақыт деңгейі бойынша жыл сайынғы рейтингін жасаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақыт туралы дүниежүзілік баяндама WHR ресми сайтында жарияланған.

"Дүниежүзілік бақыт туралы" зерттеуде мемлекеттердің бақыт деңгейі бойынша рейтингін жасау кезінде алты негізгі фактор есепке алынғаны айтылған. Олар: әлеуметтік қолдау, табыс, денсаулық, өмірлік маңызды шешімдерді қабылдаудағы еркіндік, жомарттық және сыбайлас жемқорлықтың болмауы.

Рейтингте COVID-19 пандемиясының 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңін қамтитын үш жылдағы бақыт деңгейі сараланған. Сондай-ақ 109 ел қамтылған.

Сонымен, әлемдегі бақытты елдер рейтингте алтыншы жыл қатарынан Финляндия көш бастап отыр.

Ең бақытты 10 елдің қатарына Финляндиядан бөлек, Дания, Исландия, Израиль, Нидерланды, Швеция, Норвегия, Швейцария, Люксембург және Жаңа Зеландия кірген. АҚШ 15-ші, ал Ұлыбритания 19-шы орында.

Рейтингте Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең бақытты ел болып шықты. Еліміз 44-орынға тұрақтаған. Рейтингте Өзбекстан 54-ші орында тұрса, Қырғызстан 62-ші орында, одан кейін Молдова тұр. Ресей 70-ші орында, Армения мен Тәжікстан сәйкесінше 79 және 80-орында.

Бұл рейтингке Беларусь, Түркіменстан және Әзербайжан қатыспаған. Украина 92-орында.

Ал рейтингтегі ең соңғы орында соғыстан зардап шеккен Ауғанстан мен Ливан тұр.

Айта кетейік, БҰҰ 2012 жылғы 12 шілдедегі қарарында 20 наурызды Халықаралық бақыт күні деп жариялаған еді.

Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең бақытты ел болып шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.