"Менің әлемім – сақ дәуірі": орталықта үлкен үйі болса да, шатырда тұратын семейлік азамат жайлы не білеміз
Жарияланған күні:
Семейлік әнші, этнограф, ақын, шаңқобызшы Серәлі Мұхамедсалықов екі жылдан бері өзі қолдан жасаған ерекше сақ шатырында тұрып келеді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Серәлі Мұхамедсалықов шатырды тұрғызуға бір жылдай уақытын жұмсаған көрінеді.
Айтуынша, шатыр туристерді тарту, табыс табу мақсатында тұрғызылмаған. Бірақ ерекше үлгідегі "үйді" тамашалауға келетіндердің қатары жылдан жылға артып келеді екен.
"Әр адамның өз әлемі болады. Менің әлемім – сақ дәуірі. Скифтердің өмірін сезіну, зерттеу. Үлкен үйім орталықта болса да, өзім осы шатырда тұрамын. Өйткені, сақ бабаларымыздың қатты аязда, қатты ыстықта қалай тұрғанын өз жан-дүниеммен сезінгім келді", – дейді этнограф.
Серәлі Мұхамедсалықов сақ шатырын көруге келген қонақтарға тегін қызмет көрсететінін, оларға тарихтан сыр шертіп қана қоймай, әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнап беретінін айтады.
"Арманым мұндай шатыр еліміздегі кез келген мектептің, елшіліктердің, мешіттердің алдында тұрса деймін. Басқа мемлекеттер өз құндылықтарын солай көрсетеді", - дейді ол.
Серәлі Мұхамедсалықовтың жоспары көп. Ол алдағы уақытта қонақтарға шатырды тамашалатумен қатар түйе мінгізіп, садақ атқызуды да жоспарлап отырғанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013677-menin-alemim-saq-dauiri-ortalyqta-ulken-uii-bolsa-da-satyrda-turatyn-semeilik-azamat-zaily-ne-bilemiz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.