Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәресін ішпей ораза ұстауға бола ма

Жарияланған күні:

Ораза
Дастархан. Көрнекі фото: Рexels.com

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты muslim.kz сайтының сұрақ-жауап айдарында мамандар Рамазан айында сәресін ішпей ораза ұстауға бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресми сайт оқырмандарының бірі "жалпы сәресіге тұрмай ораза ұстауға бола ма?" деген сауал қойған.

"Иә, сәресіге тұрмай-ақ ораза тұтуға болады. Алайда пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Бір жұтым су ішсеңдер де сәресін үзбеңдер. Өйткені, Алла Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді", – деген өсиеті бар. Сонымен қатар сәресіге тұрып ас ішу немесе ең болмаса су ішу не құрма жеу күні бойы адамға қуат береді. Нәтижесінде, ораза ұстауда түрлі қиындықтардың алдын алуға септігін тигізеді", – деп жауап берген дін мамандары.

Еске салсақ, бұған дейін ҚМДБ мамандары намаз оқымайтын адамның ораза ұстауына бола ма деген сауалдың жауабын берген болатын.

Сондай-ақ дін өкілдері ішімдік ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмай ма деген сауалға қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014143-saresin-ispei-oraza-ustauga-bola-ma/